№ 1 қалалық ауруханада жаңа эндоскопиялық жабдықтар пайда болды

29 Қаңтар 2019, 21:46
1879
Бөлісу:
№ 1 қалалық ауруханада жаңа эндоскопиялық жабдықтар пайда болды

Астана, BAQ.KZ. Сараптамалық бейнеақпараттық эндоскопиялық орталығы ерте диагностикалаудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында белгілі болғандай, №1 қалалық ауруханада EVIS EXERA III CV-190 plus сарапшы-класс аппараты орнатылған. Бұл аппарат елордада алғаш рет қалалық стационарлар деңгейінде енгізіліп отыр.

EVIS EXERA III CV-190 бейнеақпараттық орталығы EVIS EXERA III эндоскоптарының заманауи диагностикалық мүмкіндіктерінің толық спектріне жеңіл қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бірқатар жетілдіру диагностикалық құндылығы бар эндоскопиялық бейнелерді алуға барынша мүмкіндік берсе, ал «суреттегі сурет» қызметі эндоскопиялық кабинеттің эргономикасын жақсартуға ықпал етеді. Тіпті EVIS EXERA III эндоскоптың әдеттегі режимінде алдыңғы буындармен салыстырғанда сурет сапасы жақсы.

Қызметкерлер осы аппаратта тиімді жұмыс істеу үшін Германияда NBI жүйесі бойынша оқудан өтті.

«Аталмыш жабдық ерте кезеңде қатерлі және қатерсіз ісіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Аппараттың қолданылуы онкология саласында халық арасында өлім-жітім деңгейін төмендетуге көмектеседі, сондай-ақ жедел емдеудің тиімділігін арттырады», – деп атап өтті №1 қалалық аурухананың бас дәрігері Марат Әбдуов.

Алдағы уақытта тағы екі аппарат сатылып алынады деп жоспарлануда.

 

Өзгелердің жаңалығы