Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат өтті

23 Шілде 2019, 06:41
1839
Бөлісу:
Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионатын өткізді.

Чемпионатқа облыстың қалалары мен аудандарының өрт сөндіру бөлімдерінен 14 команда қатысты. Жарысқа медициналық тексерістен өткен, облыстың қалалары мен аудандарының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жіберілді.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Департамент басшылығы, Алматы облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ басшылығы, шақырылған қонақтар мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет ардагерлері қатысты.

Жарыс өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының ережесіне сай, 3 түрлі жаттығудан өткізілді: өрт сөндіру сатысымен оқу мұнарасының 4 қабатына көтерілу; жылжымалы 3 тізелі сатымен мұнараның 3 қабатына көтерілу ; жауынгерлік жазылу.

Аталмыш чемпионаттың мақсаты өрт сөндіру-құтқару спортын дамытып, дәріптеу, облыстық өрт сөндіру-құтқару спортының құрамына мықты спортшыларды іріктеп алу.

Чемионат соңында жеңімпаздарға медальдар мен кубоктар тапсырылып, дипломдармен марапатталды. Бұған қоса, ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте: 1-орын – Іле ауданы Өтеген батыр ауылының № 12 өрт сөндіру бөлімінің командасына;2 – орын – Көксу ауданы Балпық би ауылы №8 өрт сөндіру бөлімінің командасына, 3 –орын – Талдықорған қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінің командасына берілді.

Жүлделі орындарға ие болған командалар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Өзгелердің жаңалығы