Астанада жүлде қоры 225 мың долларды құрайтын теннис турнирі басталды

17 Шілде 2019, 12:43
1715
Бөлісу:
Астанада жүлде қоры 225 мың долларды құрайтын теннис турнирі басталды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада жүлде қоры 225 мың долларды құрайтын теннис турнирі өтіп жатыр.

8611f9d0-55a0-4024-84f6-1ea3abb8a7b7.jpg

5c2758a9-30ed-4637-8585-9164f607889b.jpg

"Президент кубогының тариxы терең. Біз бұл жарысты 27 жыл бұрын бастағанбыз. Соның ішінде 11 жыл қатарынан елордамыз Нұр-Сұлтанда өтіп жатыр. Еліміздегі ең ірі теннис турнирі. 20 мемлекеттің теннисшілері келді. Алыс-жақын шетелден үздік теннисшілер жиналғанына қуаныштымыз. Қазақстан құрамасы бұл жолы толық құрамда қатыса алмайды.  Михаил Кукушкин келеді деп үміттенгенбіз. Бірақ ол соңғы кездері сәтті өнер көрсетіп, рейтингін көтеріп алды. Енді АҚШ-тағы теннис турнирлерінің сериясына дайындалып жатыр. Соған қарамастан Президент кубогының екі дүркін жеңімпазы Андрей Голубев, Недовесов, Хабибулин, Ломакин секілді еліміздің үздіктері бар. Әлемдегі ТОП-100 теннисшінің қатарына кіретін мықтылардың біразы осында. Біз Президент кубогын тек ерлер мен әйелдер арасында ғана емес,  12 жасқа дейінгі балалар арасында да өткіземіз. Бұл апта елордада теннис тойы", - дейді ҚР теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев. 

132f292a-e068-4eca-97e3-defe49d1a418.jpg
41c93647-db4d-424e-ad97-7b84d7302fb4.jpg
Оның айтуынша, турнирдің жүлде қоры 225 мың доллар. Бірақ теннисшілер бірінші кезекте рейтингтік ұпайлар үшін бар күштерін салады.

31d10e7f-b2cb-4020-adea-5bbf22f30508.jpg

8b9ef62a-ec3c-4b91-b3cf-7f0c2cb05ff1.jpg

Айта кетейік, турнир ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден астам кәсіпқой теннисші келді. Қазақстан сапынан Александр Недовесов, Андрей Голубев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин, Анна Данилина, Гозаль Айнитдинова, Екатерина Дмитриченко, Дарья Детковская және Жібек Құламбаева өнер көрсетеді.


Өзгелердің жаңалығы