Қазақстанның басым бөлігінде бүгін күн ыстық болады

17 Шілде 2019, 08:23
2061
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде бүгін күн ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық фронтардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Өзгелердің жаңалығы