Қызды қағып кеткен мас жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл оқиғаға байланысты Павлодар облысының Ақсу ауданында Toyota Camry көлігінің 23 жастағы жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі</h4>

10 Маусым 2019 2019, 11:37
АВТОР
 10 Маусым 2019 2019, 11:37
10 Маусым 2019 2019, 11:37
2059

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл оқиғаға байланысты Павлодар облысының Ақсу ауданында Toyota Camry көлігінің 23 жастағы жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

«Аталмыш оқиғаға қатысты факті тіркелген. Жүргізуші ұсталды. ЖКО кезінде ол мас күйінде болған. Қыз жарақат алған, бірақ ауруханаға жатқызылмаған. ҚР ӘҚБК 608-бабы - жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру бойынша әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада. 

Аймақтық полиция департаментінің айтуынша, қажетті процедуралар жүргізілгеннен кейін материал сотқа жолданатын болады.

Наверх