Пермь университетінде қантөгіс ұйымдастырған студент есін жинады

24 Қыркүйек 2021, 16:40
15461
Бөлісу:
Пермь университетінде қантөгіс ұйымдастырған студент есін жинады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Пермь университетінде қантөгіс ұйымдастырған Тимур Бекмансуровтың жағдайы жақсарып келеді, ол есін жиды. 

Бұл туралы ДСМ өкілі Анастасия Крутень хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Оның қазіргі жағдайы бастапқы кезден қарағанда жақсырақ. Ол есін жиды, - деді ол.
Айтуынша, студент жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатқан науқастарға көрсетілетін медициналық көмекпен толығымен қамтылған.

Ол есін жия сала, дәрігерлерден ата-анасы бар ма екенін сұраған. 

Еске салсақ, 20 қыркүйек таңертең Пермь мемлекеттік зерттеу университетінде атыс болды. Университет студенттерінің бірі - Тимур Бекмансуров ЖОО ғимаратына баса көктеп кіріп, жаппай оқ ата бастады. Салдарынан 6 адам тіл тартпай кетті. Тағы 47 адам жараланды.

Шабуыл жасаған студент құзырлы органдарға қарсылық көрсетті. Жол полициясының қызметкерлері Константин Калинин мен Владимир Макаров қылмыскерге қарсы оқ атып, жарақаттауға мәжбүр болды. 

Қазір қылмыстық іс «екі және одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Қылмыскер 8 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы