Отбасы мүшелері сіңірген құндылықтар қоғамға әсер етеді – психолог

12 Қыркүйек 2021, 12:10
5380
Бөлісу:
Отбасы мүшелері сіңірген құндылықтар қоғамға әсер етеді – психолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отбасы күніне орай психология саласында 20 жыл тәжірибесі бар білікті маман, отбасы психологі Ерлан Мұстафин бақытты отбасы болудың тетіктері мен құндылықтары туралы айтып берді.

Ол атағандай, отбасында үйлесім болуы үшін олардың ортақ қызығушылықтары болғаны жөн.

Отбасында бірлескен істерді атқаруға дағдылануы керек. Ол кітап оқу, серуендеу, саяхат болуы әбден мүмкін. Бұл отбасыны берік ете түседі. Ортақ құндылық қалыптастыру да өте маңызды. Ерлі-зайыптылардың құндылықтары бөлек болмауы керек, олар ұқсас болуы керек. Егер олар әртүрлі құндылықтардың негізінде өмір сүрсе, өзара түсінісу де қиын болады. Бір-біріне деген сүйіспеншілік пен махаббат ер мен әйелдің арасындағы романтикалық сезімнің негізінде ғана емес, адами сүйіспеншілік ретінде қалыптасуы абзал, - дейді Мұстафин.

Ол отбасындағы маңызды қызмет ортақ құндылықтарды бөлісу екенін айтады.

Отбасында қалыптасқан құндылықтар адамды қалыптастыруға итермелеуі керек. Баланы сол қоғамның мүшесі ретінде тәрбиелеп шығаруға талпыну қажет. Отбасы мүшелерінің теңдігін бұзбау үшін оның мүшелері тең болуы керек. Ол дәстүрлі «ер адамға былай істеуге болмайды, «әйел мынаны жасамауы керек» деген тыйым негізінде емес, өзара келісу арқылы жүзеге асырылады, - деді ол.

Мұстафин атағандай, қоғамның өзі көп отбасыдан құралатынын айтады.

Отбасындағы адамдар сіңірген құндылықтар қоғамға әсер ететіні сөзсіз. Әрбір отбасында қазіргі заманғы адами құндылықтарды дәріптеу көп болса, қоғам мүшесі соған қарай тартылса, құндылықтар жоғары деңгейде болады деп есептеймін. Қазақстандағы тенденция әлемдік тенденциядан алыстап кеткен жоқ, - дейді ол.

Психолог отбасындағы материалдық жағдай туралы да айтып өтті.

Психологиялық тұрғыдан әрбір жас балада отбасылық құндылықтарды қалыптастыру үшін ажырасудың деңгейін төмендету керек. Себебі баланы анасы ғана тәрбиелеген отбасыдан шыққан баланың ажырасуға ықтималдығы жоғары болады, - дейді Мұстафин.

Сондай-ақ маман Отбасы күнімен құттықтады.

Отбасы күнімен құттықтаймын. Қазақстанның әрбір отбасы бақытты болсын. Балалар сау отбасында тәрбие алсын. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі күн сайын артып, келеңсіз жағдайларды оңай шеше алатын деңгейге жетсін, - деді психолог.

Айта кетейік, 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілген болатын.
Өзгелердің жаңалығы