Қытай елшісі: Қазақстан спортшылары қысқы спорт түрлерінен мықты екеніне сенімдімін

24 Қыркүйек 2021, 17:46
21199
Бөлісу:
Қытай елшісі: Қазақстан спортшылары қысқы спорт түрлерінен мықты екеніне сенімдімін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қазақстандық спортшылардың қысқы спорт түрлерінен мықты екенін айтты.

Жақында Токиода өткен Жазғы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарында әлем елдерінің спортшылары табандылықтарының арқасында барлығымызға ең жоғары спорттық нәтижелерді көрсетті. Бұл олардың жаңа жетістіктерге ұмтылуы және батылдықтарының дәлелі, - деді елші брифингте.
Айта кетсек, Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамы да сынға түсті.
Токиода Қазақстан спортшылары өз Отанының намысын қорғап қана қоймай, құрметке ие болып, өз армандарын жүзеге асырды. Қазақстан спортшылары қысқы спорт түрлерінен де мықты екеніне және олар міндетті түрде Бейжіңде өнер көрсететініне сенімдімін. Қытайдың Қазақстандағы елшілігі Олимпиада комитетімен және басқа да тиісті органдармен тиімді ынтымақтастық орнатып, қазақстандық спортшыларға барлық қажетті жағдайды жасайды, - деді Қытай елшісі Чжан Сяо.
Сондай-ақ дипломат Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының арқасында екі ел ең алдымен спорт саласындағы мәдени-гуманитарлық құрамды нығайтатынына сенім білдірді.
Өзгелердің жаңалығы