Келбұғанов көмір тапшы өңірлердің мәселесі қалай шешілетінін айтты

28 Қыркүйек 2021, 17:36
2225
Бөлісу:
Келбұғанов көмір тапшы өңірлердің мәселесі қалай шешілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚТЖ жүк тасымалдау» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Желіде көмір тапшылығы бар өңірлерге талдау жасадық. Өскеменде «Көлік жанар-жағармай» компания желісіне көмір тиеу 110 пайызға орындалып жатыр. Дегеленнің «Қаражыра» көмір кенішіне жоспар бойынша күніне 8 вагоннан жүк тиеліп жатты. Мысалы, кеше сол жерден 18 вагон, бүгін 17 вагон түсірілді. Жолда тағы 23 вагон келе жатыр. Бұл жоспар бойынша көмір тиеліп жатыр, - деді ол.
Ол атап өткендей, Павлодарда «Элит» желісіне тамызда 24, қыркүйекте 57 вагон тиелген.
Ол жоспарға лайық сұраныс бойынша қамтып отыр. Сол желіде тағы 40 вагон тиеліп жатыр. Дәл осы өңірде алаңдаушылық болмауы керек. Жүк жоспар бойынша тиеліп жатыр, - деді Келбұғанов.
Бұған дейін Қазақстанның шетелге қанша тонна көмір экспорттағаны анықталды.
Өзгелердің жаңалығы