Қазақстанда «мүгедек» термині заңды түрде алынып тасталады

28 Қыркүйек 2021, 14:00
13080
Бөлісу:
Қазақстанда «мүгедек» термині заңды түрде алынып тасталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда «мүгедек» термині қолданыстан алынып тасталады.

ОКҚ алаңында өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Сенат депутаттары мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі заң жобасына түзетулер әзірлегенін және онда «мүгедек» терминін қолдануды алып тастау жоспарланып отырғанын айтты.

Заң жобасында «мүгедек» деген кемсітушілік терминін алып тастау сияқты нормалар қарастырылған. Сондай-ақ мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыға «мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы» мәртебесін беру қарастырылған. Бүгінде мұндай мәртебе жоқ. Мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе қамқоршысына санаторий-курорттық емделуге тегін жолдама беріледі. Бүгінгі таңда бұл шара заңды түрде бекітілмеген, – деді вице-министр.

Бұдан басқа, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындамағаны үшін жұмыс берушілердің төлемдерін міндетті түрде өтеу тетігі заңнамалық түрде енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қыркүйекте Сенат депутаттары мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартатын заңды қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы