Индустриялық даму комитеті төрағасының жаңа орынбасары келді

28 Қыркүйек 2021, 19:10
1207
Бөлісу:
Индустриялық даму комитеті төрағасының жаңа орынбасары келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды.

Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Олжас Сапарбеков 1979 жылы 29 қарашада Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 

Инженер-экономист, құқық бакалавры мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Ол 2001 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2014 жылы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын жеке секторда бастаған. Кейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП құрылымдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қостанай облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы