Ерғалиев тұрғын үй бағасының төмендеуі үшін қандай қадамға бару керегін айтты

24 Қыркүйек 2021, 13:45
4449
Бөлісу:
Ерғалиев тұрғын үй бағасының төмендеуі үшін қандай қадамға бару керегін айтты
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев тұрғын үй бағасының төмендеуі үшін қандай қадамға бару керегін айтты.

Біз бүкіл халықтың 46%-ы ауылдық жерлерде тұратынын білеміз. Дамыған елдердің тәжірибесі бойынша алдағы 10 жылда халықтың 15%-ы ауылдық жерлерде, 5 млн адам облыс орталықтарында, ірі қалалар мен елордада тұрады. Сондай-ақ алдағы 10 жылда елорда тағы да бір млн адамға көбейеді. Оларды қайда және қалай орналастыру керек? Қажеттіліктерді қалай қанағаттандыруға болады? Біз Кеңес заманы кезіндегідей кірпіш қоршау жасап, кіргізбей жібере алмаймыз, - деп айтты Талғат Ерғалиев.
Ерғалиев тұрғын үй бағасының төмендеуі үшін қандай қадамға бару керегін айтты

Ол қаржыландыру қажет екенін, бірақ оны табу үлкен мәселе болып отырғанын айтты. Ерғалиев тұрғын үй бағасының төмендеуі үшін қандай қадамға бару керегіне тоқталды.

Халықтың көп бөлігі жалдамалы пәтерлерде тұратынын көріп отырмыз. Осы ретте жалға алуға сұраныс артты. Бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы – жақын маңдағы елді мекендерде, облыс орталықтарында, ірі қалаларда тұратын азаматтарымызға 10 сотық жер учаскелерін беру. Халықтың бір бөлігі көшіп, жалға алу қажеттілігі төмендесе, жалдау бағасы да төмендейді. Әрине, бұл бірден бола салмайды, шамамен 2-3 жылдан кейін. Жалға алуға сұраныс төмендегенде пәтерің бола тұра ақша табудың мәні болмайды, сол кезде жалға алудың бағасы мен пәтер құны арзандайды, - деп түсіндірді сарапшы өз сөзінде.
Ерғалиев тұрғын үй бағасының төмендеуі үшін қандай қадамға бару керегін айтты

Құрылысшылар одағының төрағасының айтуынша, 10-20 не 30-40 пәтері бар адамдар санаты бар. Сөзінше, баға төмендеген кезде осы тұрғын үйлер қолжетімді болады.

Мемлекеттік органдар қымбат емес пәтерлерді белгіленген бағамен сатып алып, адамдарға бере алады. Жалпы қаржыландыру, ақша қажет. Есебіміз бойынша мәселені шешу үшін шамамен 30 трлн теңге қажет қажет. Оны қайдан алу керегін ойлану керек? – дейді ол.

Талғат Ерғалиевтің айтуынша, Ұлттық экономика министрлігінің ресми дерегі бойынша 2 млн-нан аса адам тұрғын үйге мұқтаж.

Өзгелердің жаңалығы