Эпиджағдай оңала бастады деп босаңсуға болмайды - Тоғжанов

27 Қыркүйек 2021, 22:08
13160
Бөлісу:
Эпиджағдай оңала бастады деп босаңсуға болмайды - Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Оның айтуынша, коронавирус инфекциясы салдарынан орын алған эпиджағдай біршама жақсарғанымен, босаңсуға жол жоқ көрінеді.

Сіздер бірқатар мемлекеттердің, атап айтсақ, Сингапурда, Жапонияда коронавирус үшін ешкім бүгін дүрлігіп отырған жоқ. Ковидпен қатар өмір сүретін уақыт орын алады. Қалыпты өмірге біртіндеп оралуымыз керек. Бір сөзбен айтқанда, біз коронавирус инфекциясымен өмір сүруге үйренуге тиіспіз. Әлемдегі жетекші сарапшылардың пікірінше коронавирус ЖРВИ, тұмау секілді маусымдық вирустық аурулардың қатарына ауысады деп ойлаймын, - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов еліміздегі вакцинацияның кең ауқымын есепке ада отырып, белгілі бір деңгейде ұжымдық иммунитет қалыптасқанын алға тартты.

Бүгін 7,5 миллионнан астам қазақстандық вакцина алған. Бұл – күрделі көрсеткіш. Осы көрсеткіштер бізге пандемияға дейінгі өмірімізге біртіндеп оралуға мүмкіндік береді. Ешқандай жағдайда да босаңсуға болмайды. Біз көрші мемлекеттерде белгілі бір мөлшерде шиеленіс орын алғанын көріп отырмыз. Сондықтан біз барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға тиістіміз және міндеттіміз, - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Өзгелердің жаңалығы