Еліміз халықаралық тасымал үшін кедергіні азайту жұмысын жалғастырып жатыр

28 Қыркүйек 2021, 21:54
865
Бөлісу:
Еліміз халықаралық тасымал үшін кедергіні азайту жұмысын жалғастырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел парламентшілері қазақстан-қытай шекарасындағы «Нұр жолы» өткізу пунктінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс кездесуі барысында Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев парламентшілерді қазақстан-қытай шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты жағдайды тұрақтандыру шараларымен таныстырды.

Атап айтқанда, қытайлық тіркемелерді тауармен шекаралас көлік-логистикалық орталықтарға әкелуге мүмкіндік беретін тауарларды «байланыссыз» тасымалдау тетігі енгізілді, бұл физикалық байланыстарды болдырмайды. Бұл қытай тарапымен келіссөздердің қорытындысы және Қазақстанның заңнамасына, оның ішінде көлік саласындағы нормативтік актілерге бірқатар өзгерістер енгізу нәтижесінде мүмкін болды.

Сонымен бірге, бұл механизм көлік-логистикалық орталықтың иесі – "Евротранзит" компаниясыиен жергілікті тұрғындар үшін үш жүзге жуық қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы әлеуметтік бағдар алды. Бұл ретте компания бюджетке шамамен 1,5 млрд. теңге салық төледі. Барлық тасымалдар айқын бола түсті. Егер пандемия басталғанда «Нұр жолы» өткізу пункті арқылы 10-нан астам көлік құралы өтке, бүгінде олардың саны шамамен 60 бірлікті құрайды.

Автокөлік кезегін ретке келтіру мақсатында өткен жылдың 9 қыркүйегінен бастап тасымалдаушыларға тұрақты орналасу орындарында кезекті күтуге және алдын ала броньдалған күні өткізу пунктіне шығуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық кезек жүйесі енгізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың өзінде Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үкіметімен үш кеңес өткізілді, олардың барысында өткізілетін тауарлар көлемін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қытайдың "Дулаты" (Қалжат) және "Зимұнай" (Майқапшағай) өткізу пункттерін ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Ұлттық темір жолмен Қытай тарапымен өзара іс-қимыл жасай отырып, темір жол көлігін өткізуді ұлғайту мәселелері пысықталуда. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ сенаторлар Мемлекеттік кірістер комитетінің базасында ахуалдық орталық пен электрондық декларациялау орталығын құру арқылы кедендік бақылауды орталықтандыру туралы хабардар етілді.

Осы орталықтардың жұмысының арқасында Қытаймен өзара статистикадағы алшақтықтардың 15% - дан астамға төмендегені байқалады.

Шекара маңы инфрақұрылымын дамыту саласында үлкен жұмыс жүргізілді, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы периметріндегі өткізу пункттерін жаңғырту басталды. Навигациялық пломбаларды қолдану жөніндегі келісім жобасы дайындықтың жоғары сатысында тұр, оны қабылдау әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға және бизнес үшін кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.Сен

аторларға қосымша өткізу пункттерінің жұмысы, оның ішінде бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып кедендік бақылауды жүргізу тәртібі көрсетілді.

Іс-шараға Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Алматы облысы әкімдігінің, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, қазақстан-қытай шекарасындағы "Алтынкөл" өткізу пунктінде ҚР Қаржы Вице-министрі Марат Сұлтанғазиев пен Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Мақсат Мамытқановтың жұмыс кездесуі өтті. Тараптар кедендік әкімшілендіруді жетілдірудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде халықаралық шарттарды әзірлеудің ағымдағы аспектілерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы