Діни бірлестіктер Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді талқылады

24 Қыркүйек 2021, 16:20
1636
Бөлісу:
Діни бірлестіктер Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген негізгі мақсаттатарды талқылады.

Іс-шараға ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының» басшылығы, сондай-ақ Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Кез келген қазақстандықтың әлеуметтік мәртебесіне, саяси көзқарасына, ұлтына және діни сеніміне қарамастан, барлық азамат елде үйлесімді этносаралық және конфессияаралық қатынастар қалыптасқандығын бағалау керек деген пікір отырысқа қатысушыларға ортақ екендігін көрсетті.
Өзгелердің жаңалығы