Қазақстанда күріш экспортының табысы 12,6% артты

14 Қаңтар 2019, 14:07
1912
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстан 18,7 млн долларға 68,7 мың тонна күріш экспорттаған. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды. 

Заттай көріністе күрішті жеткізулер 13,8% төмендесе, бұл дәнді дақылды сатудан түскен пайда 12,6% артқан. 

Күріштің ең көп көлемі Тәжікстанға сатылған. Яғни, ол 5,7 млн долларға 25,4 мың тоннаны құрап отыр. 

10 айдың ішінде Ресей 5,6 млн доларға 23,9 мың тонна, Украина 2,4 млн долларға 7,2 мың тонна, Әзірбайжан 2,9 млн долларға 6,4 мың тонна күріш сатып алған. 

Өз кезегінде, Ауғанстан 1,9 мың тонна (442,4 мың доллар), Моңғолия 1,8 мың тонна (1 млн доллар), Қырғызстан 1,1 мың тонна (286 мың доллар) күріш сатып алған. 

Сонымен қатар, Өзбекстан 210,6 мың долларға 702 тонна, Түркіменстан 40,8 мың долларға 68 тонна, Грузия 29,6 мың долларға 40 тонна күріш сатып алды.
Өзгелердің жаңалығы