Адамдардың әл-ауқаты артпаса, баспана қолжетімсіз бола береді – Ерғалиев

28 Қыркүйек 2021, 15:27
2158
Бөлісу:
Адамдардың әл-ауқаты артпаса, баспана қолжетімсіз бола береді – Ерғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев «Желмая» жобасында айтты.

Жалпы экономиканы дамытуымыз керек. Құрылысшылардың жалақысы көбейсе, олардың мәртебесі де өседі. Үйдің шаршы метрі де артады. Адамдардың әл-ауқатын көтеру керек. Экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлер саны көп болуы керек. Біздің кәсіпкерлер шетелдіктерге қарағанда бәсекеге қабілетті болуы тиіс, - деді ол.

Ерғалиев айтқандай, кәсіпкерлердің кедергісі аз, несие арзан болса, олардың өнімі де арзандайды.

Құрылыс заттарын шығаратын кәсіпкерлер неғұрлым көп болса, материал соғұрлым арзан болады. Үкімет кәсіпкерлікке көңіл бөлуі керек. Кәсіпкерлік дамымай, экономика өспейді. Әл-ауқат өспеген соң баспана да қолжетімді болмайды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы