15,4 млн га егіс алқабы орылды – АШМ

24 Қыркүйек 2021, 16:06
3876
Бөлісу:
15,4 млн га егіс алқабы орылды – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қыркүйектегі жағдай бойынша 15,4 млн гектар (96,8%) жердегі дәнді және дәнді-бұршақты дақыл орылды. Орташа өнімділік гектарына 9,6 центнерден айналып, 14,8 млн тонна астық жиналды. Оның 11,6 млн тоннасы бидай.

Сондай-ақ 616,7 мың тонна майлы дақыл, 2,9 млн тонна картоп, 4,1 млн тонна көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Астық егетін негізгі аймақтар – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,5 млн гектар егіс алқабы орылды. Бұл жиналуы тиіс жалы алаңның 98,9%-ы. Орташа өнімділік гектарына 8,8 центнерден айналып, 10,0 млн тонна астық жиналды.

Нақтыланған дерек бойынша, республикада сыйымдылығы 29,3 млн тонна астықты сақтайтын мүмкіндік бар. Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,4 млн тонна, фермерлерде 16,9 млн тонна астық сақтайтын орын бар.

2021 жылғы егін жинау науқаны аяқталуға жақын және қарқыны былтырғыдан жоғары. Жиын-терім жұмыстарына қатысты барлық мәселе министрліктің бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы