Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Солтүстік Корея Жапон теңізіне зымыран жіберді

2 Қазан 2019, 09:43
2183
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. 2 қазан күні КХДР Жапон теңізіне қарай белгісіз зымырандарын жіберді. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.  

Оңтүстік Кореяның біріккен штаб комитетінің басшысы зымырандар Вонсон порты маңынан жіберілгенін мәлімдеген.

Нақты қандай зымырандар жіберілгені туралы мәліметтер жоқ. 

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ өздеріне қарай бағытталған зымыранға қатысты пікір білдірді.

“Мұндай баллистикалық зымырандарды жіберу арқылы олар БҰҰ резолюцияларын бұзып отыр және біз наразылық танытамыз”, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы