Almaty theatre-да “ZULEIKHA”драмасы сахналанады. Қойылым Салтанат Бақаеваның продюсерлігімен қойылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
“Zuleikha” спектаклі — терең сезімге толы, жүректі елжірететін, әрі талантты актерлердің ойындары арқылы көрерменді баурап алатын ерекше оқиға болмақ.
Қойылым режиссері - Әлібек Өмірбекұлы.Оның шығармашылығы жоғары деңгейдегі театрдың символына айналған. Ал актерлік құрамда Қазақстан сахнасындағы жарық жұлдыздар: Бекжан Тұрыс, Азамат Сатыбалды (мен де осы құрамда боламын) және жас актер Рауан Ахмедов бар. Әрбірі спектакльдің әр сәтіне ерекше эмоция мен ерекшелік қосады.
Жаңа жобамды өзімнің продюсерлігімен қолға алып жатырмын! Бұл спектакль. Бірақ толыққанды іске асыруға сіздің көмегіңіз қажет!,- деді Салтанат Бақаева.
Зулейханың өмірнамасы — бақытты болмақ түгілі тірі қалудың өзі мұң болған азапты жолдың баяны. Бірақ кей-кейде тозақтың өзі адамның өзін өзіне алғаш рет сезіндіріп, шынайы сезімнің көзін ашатыны бар. Зулейха хикаясы — тозақтың өзінен де жарық табуға болатыны туралы хикая.
ПРЕМЬЕРА: 18,28 cәуір
Басталуы: 20:00
Мекен-жайы: Almaty theatre (Әл- Фараби даңғылы 30)