Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн науқаны жалғасын тауып жатыр

2 Желтоқсан 2023, 17:54
4216
Бөлісу:
Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн науқаны жалғасын тауып жатыр
Фото: Түркістан облысы, Ордабасы ауданы

Елімізде "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы” аясында белсенді түрде іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акциясы аясында Түркістан облысы, Ордабасы ауданынының АПБ Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы, "Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі" секторы, аудандық ішкі саясат бөлімі және Ордабасы ауданы әкімдігі жанынан құрылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелерімен бірлесе отырып, ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

Кездесуде баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы халыққа кеңінен хабардар ету мақсатында жергілікті тұрғындарға түсіндірілді.

Акцияның негізгі мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық -зомбылықты ескерту, алдын алу, зорлық -зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүргізу.

Осы орайда зорлық-зомбылық көріністерін көрген болсаңыз Ордабасы аудандық полиция бөліміне немесе тұрғылықты жеріңіздегі учаскелік полиция инспекторына және «Әлеуметтік психологиялық сүймелдеу қызметі» секторына сенім телефондарына:
2-13-85, «102», +7 707 930 2526, +7 707 692 4094 хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы