Зорлық-зомбылықпен күрес: тек құқықтық шаралардың болғаны аз – Балаева

24 Маусым 2020, 14:25
1526
Бөлісу:
Зорлық-зомбылықпен күрес: тек құқықтық шаралардың болғаны аз  – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Зорлық-зомбылықпен күресте тек құқықтық шаралардың болғаны аз, деді ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн өткен дөңгелек үстел барысында. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі әлем бойынша өте өзекті мәселе. Қазақстан қоғамында да аталған мәселе жыл санап артып барады. Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінің  мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 446 жағдай, 2018 жылы 999 жағдай, 2019 жылы 1000 оқиғадан асқан. Эпидемия басталғалы бұл көрсеткіш 20 пайызға артқан. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғам арасында пікірталас тудырып отыр, - деді ол. 

Министрдің айтуынша, күн сайын әлеуметтік желі мен БАҚ-та салдары қайғылы жағдайға әкелетін отбасылық кикілжіңнің куәсі болып отырмыз. 

Пандемия басталғалы 37 мың қорғау нұсқаулығы тіркелген. Оның ішінде 5 мыңнан астам ерекше талап құқық бұзушылыққа қарасты қойылды. Бұл жерде тек құқықтық шаралар жеткіліксіз. Қоғамның жүйелі жұмысы қажет. Кәсіби психологтар, ҮЕҰ  бірлесе жұмыс істеуі керек. Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау ғана көрсетіп қоймай, жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарын айтатындар да аз емес, - деді Балаева.

Өзгелердің жаңалығы