Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында зорлау мен сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жазаны қатайту көзделген.
Зорлау яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшеді. Бұл жерде де татуласу болмайды, - деді Бас прокурордық орынбасары Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.
Баяндамашы балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар үшін жаза қатаңдатылатынын, бұл аса ауыр қылмыстар санатына жататынын айтты.
14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек қана 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылып отыр. Сондықтан педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны, жасырғаны үшін, біліп тұрып хабаралмағаны үшін жауапкершілік көзделген. Бұл әрекеттер ауыр қылмыс санатына кіреді. Мысалы интернатта тәрбиеленіп жатқан балаларға қарсы қылмыстарды тәрбиеші жасырған болса тиісті жауапкершілік көзделген, - деп айтты Ахметжанов.Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік жылдары түрмеде отырғандар саны 70 мыңға азайғандығын хабарлаған едік. Сондай-ақ, мал ұрлағандар залалды өтесе де жазадан құтылмайтын болады.