Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан әскери әуе күштерінің ұшағы оқу-жаттығу кезінде кенеттен радардан жоғалып кеткен. Бұл туралы Әзербайжанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алдын ала болжам бойынша ұшақ апатқа ұшырап, Каспий теңізіне құлаған», - делінген ведомство таратхан хабарламада.
Оқиға 24 шілде күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22:00-де болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұшқышты іздестіру және құтқару бойынша жедел шаралар қабылдануда. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.