Жыр болған Жер кодексі. Тоқаев мораторий біткен соң не болатынын айтты

26 Қаңтар 2021, 13:21
4931
Бөлісу:
Жыр болған Жер кодексі. Тоқаев мораторий біткен соң не болатынын айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Жер ко­дексінің жекелеген нормаларына Елбасы жариялап кеткен мора­торий аяқталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты бүгін Үкіметке тапсырма берді.

Ауыл шаруашылығын дамыту барысында жер қатынастары маңызды рөл атқаратыны белгілі. Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай жер жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануы тиіс. Үкіметке биыл қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, жалпы Тоқаев Президент болғалы «Жер шетелдіктерге сатылмайды» деп келеді.

Өзгелердің жаңалығы