Жыныстық құлдыққа түскен қыз оқиғасы: Ғани Бейсембаев жағдайға пікірін білдірді

21 Тамыз 2024, 15:11
1339
Бөлісу:
Жыныстық құлдыққа түскен қыз оқиғасы: Ғани Бейсембаев жағдайға пікірін білдірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысында жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы қыздың ісіне қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер министрден “Қызылордада қызды жезөкшелікке салған сыныптастары сабақты жалғастыра ма?” деп сұрады.

Бұл мәселені жіті анықтау керек. Оны бақылауда ұстап отырмын. Осы сұрақ бойынша облыс әкімімен байланыстамын. Олардан ұстаздарға қатысты жедел шешім қабылдамауды сұрадым. Себебі алдымен бас-аяғын анықтап алу керек, - деді ведомство басшысы.

Ол қазір ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Мәселенің анық-қанығына жетпей, белгілі бір шешім қабылдамауымыз керек. Шыдамдылық таныту қажет. Себебі әр мәселенің артында адам тағдыры тұр. Өте абай болуымыз керек. Интернетке жарияланған кейбір ақпараттар шындыққа жанаспайды. Сол себепті тергеудің аяқталғанын күтейік, содан кейін шешім қабылдаймыз. Қазір айту ертерек. Асығыс шешім қабылдап, бір адамның тағдырын бүлдіруіміз мүмкін, - деп айтты Ғани Бейсембаев.

Еске сала кетейік, Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары жарты жыл бойы жыныстық құлдықта ұстағаны анықталды. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы