Атыраулық емші Кейқуат Оспанов әкімшілік жазаға тартылатын болды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаңтардың басында атыраулық емші Кейқуат Оспановтың 5 жасар қыздан "19 жастағы ұрғашы жынды шығарып жатқан" видеосы қазақстандықтардың назарына түсіп, желіде қызу талқыланған еді.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев емші қандай жазаға тартылатынын айтты.
Бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баланың ата-анасынан арыз-шағым түспен жоқ. Қазір оны әкімшілік жазаға тарту қарастырылып жатыр, - деп түсіндірді Қойгелдиев.