Жылыой ауданында 650 отбасы біржолғы материалдық көмек алды

17 Сәуір 2024, 12:21
395
Бөлісу:
Жылыой ауданында 650 отбасы біржолғы материалдық көмек алды
Фото: Арман Мухатов - архив

Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға біржолғы материалдық көмек төлеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұрғындардың есеп-шоттарына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 369 200 теңге түсті.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан түскен өтініштерді тәулік бойы өңдейді. Қазіргі уақытта 650 - ге жуық өтініш қанағаттандырылды, - деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.

Өзгелердің жаңалығы