Жылыой ауданында 13 жол учаскесі жөнделеді – Атырау облысы

10 Ақпан 2025, 06:17
200
Бөлісу:
Жылыой ауданында 13 жол учаскесі жөнделеді – Атырау облысы
Фото: baq.kz

2024 жылы су шайған «Доссор-Құлсары-Ақтау» жолының 101-102, 119-120, 121-122 шақырымы аралықтарын қалпына келтіру, яғни орташа жөндеу жұмыстары көктем шығып, күн жылынысымен басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының жақында ғана тағайындалған директоры Аслан Дүйсенов Жылыой ауданына іс-сапары кезінде аудан және қала әкімдерімен кездесіп, су тасқынынан зиян шеккен жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын қадағалау және жол құрылысына қатысты біраз мәселелерді пысықтады.

Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов аталған жолдың су өткізгіш құбыры - темір бетонды дұрыс орналастыруды қатаң бақылауға алу қажеттігін айтты.

Бұлан басқа, былтыр орташа жөндеу жұмысы басталған КАZ11- «Доссор-Құлсары-Ақтау» жолының 3-36, 36-69 шақырымы /Доссордан Бекбикеге дейін/ аралығындағы жұмыстарды сапалы әрі уақытылы бақылау да күн тәртібінде тұр.

Жалпы өткен жылы филиал инженерлері бұл жолға 22 рет тексеріске шығып, 20 ақау анықтаған. Құрылыс материалдарынан алынған 14 сынаманың 2-і ҚР Стандарттарына сәйкес келмеген.

Өзгелердің жаңалығы