Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жылыой ауданынан 12 мыңнан астам эвакуацияланды

6 Сәуір 2024, 04:40
783
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Жылыой ауданынан 12 мыңнан астам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Атырау облысының әкімдігі мәлім етті.

Ауданда төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары басталғалы бері 12 мыңнан астам жылыойлық қауіпсіз орынға көшірілді. Оның бес мыңы - балалар.

Тұрғындар Атырау қаласына, Теңіз кенішіндегі вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды.

Өзгелердің жаңалығы