Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жылына 536 рет: Отандық медавиация қанша өмірді құтқарды?

2 Шілде 2025, 13:44
666
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Елімізде медициналық авиация жарақаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 536 рет ұшты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы, академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарисов Ұлттық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

2024 жылы медициналық авиация желісі бойынша жарақаттану себебінен 536 ұшу жасалды, 747 зардап шеккен адам уақтылы медициналық көмек алған. Түрлі жарақаттары бар ауыр науқастарды облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларға барлығы 527 тасымалдау жүзеге асырылды, - деп атап өтті еліміздің бас травматологы.

Сондай-ақ дәрігер шақырту орнында 50-ге жуық ота жасалғанына тоқталды.

Шақырту орнында 46 операция жасалды. Заманауи технологиялардың арқасында ҰТОҒО мамандары қашықтан және жеке 183 телемедициналық консультация өткізді. Жарақат бойынша жедел жәрдем шақыртуларының жалпы санынан 741 728, жол-көлік оқиғаларына бригадалардың 47814 немесе 5,5% келеді, - деді Олжас Бекарисов.

Өзгелердің жаңалығы