Үкімет басшысы Олжас Бектенов министрліктер мен әкімдіктерге 1 қыркүйекке дейін уақыт берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өнеркәсіп және энергетика министрліктері, өңірлердің әкімдіктері барлық ЖЭО мен қазандықтарды 1 қыркүйекке дейін уақтылы отынмен қамтамасыз етсін. Теміржол тұйықтарында Коммуналдық-тұрмыстық көмір қорларын жинау бойынша жұмысты жандандыру қажет. 15 қыркүйекке дейін орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде, ал қалған өңірлерде 15 қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жаңа жылыту маусымына толық дайындығын қамтамасыз етіңіздер, — деп бұйырды Олжас Бектенов.
Айта кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы жылу орталықтарының жұмысын сынға алған еді.