Жылу маусымы қашан аяқталады

Бөлісу:
Жылу маусымы қашан аяқталады
Фото: - архив

Алматы қаласының әкімдігі мегаполисте жылыту маусымы қандай жағдайда аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қалада ауа температурасы күндіз 10 градустан жоғары болып тұр.

Жылыту маусымы уәкілетті органның қаулысы бойынша Алматы қаласының жылыту маусымына дайындық және өту қағидаларына сәйкес жүзеге асады. Ұзақ мерзімді болжамды ескере отырып, ұзақ уақыт бойы сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +8° және одан жоғары болған кезде аяқталады. Қаулы шыққан соң жылу беру тоқтатылады,- деді Алматы қаласының әкімдігі.

Салқындатқыштың параметрлері сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасын ескере отырып белгіленеді. Әрбір үйде жылу пункті бар (тұтынушының балансында), онда жылумен жабдықтауды КСК және ОСИ қызметкерлері реттейді.

Алдағы аптада қала тұрғындарын жылы ауа райы күтіп тұр.

  • Дүйсенбі, 17 наурызда күн ашық, күндіз +14, түнде +4°C;
  • Сейсенбі, 18 наурызда күн ашық, күндіз +15, түнде +5°C;
  • Сәрсенбі, 19 наурызда күн ашық, күндіз +17, түнде +7°C;
  • Бейсенбі, 20 наурызда күн ашық, күндіз +19, түнде +8°C;
  • Жұма, 21 наурызда бұлтты, күндіз +5, түнде +1°C;
  • Сенбі, 22 наурызда бұлтты, күндіз +9, түнде -3°C;
  • Жексенбі, 23 наурызда күн құбылмалы, күндіз +4, түнде 0°C болады.

Осы орайда елордалық әкімдік те жылу маусымы қай кезде аяқталатынын нақтылады.

Пәтерлердегі жылуды тоқтату үшін даладағы ауа температурасы тәулігіне орташа +10°C-ден  5 күн қатарынан жоғары болуы керек. Осы жағдайда Астана қаласының жергілікті атқарушы органы жылыту маусымын аяқтау туралы шешімі қабылдайды, - деді әкімдік мамандары.

Өзгелердің жаңалығы