Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Жылу да, су да жоқ": Сенатта бюджет тапшылығы сынға алынды

Әсел ӘБІЛБЕК
19 Маусым 2025, 11:11
668
Бөлісу:
 Сенат баспасөз қызметі
Фото: Сенат баспасөз қызметі

Сенат отырысында сенатор Серік Шайдаров 2024 жылы қаржы тапшылығына байланысты ондаған инфрақұрылымдық жобалар аяқталмағанын айтып, Вице-Премьер Серік Жұманғаринге сауал қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатордың айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы жобалардың аяқталмау себептері ретінде республикалық бюджеттің қаражатының шектеулілігі мен бақылау шотында қолма-қол ақшаның болмауы жиі кездеседі.

2024 жылы трансферттерді есепке алмағанда, кірістер көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге азайды. Оның ішінде салық түсімдері 605 млрд теңгеге төмендеді. Бұл республикалық бюджет бойынша кіріс жоспары 2 трлн теңгеге қысқартылғанына қарамастан орын алып отыр. Осы жылғы кірістер жағдайы жақсы емес. Осыған байланысты сұрақ, 2025 жылы республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына қатысты қандай болжам бар?,-деді сенатор Серік Шайдаров.

Қаңтар-мамыр айларында кірістер жоспары 100,5 пайызға орындалған.

Өздеріңіз білесіздер, былтырғы бюджетті болжамдаған кезде басты деректер Brent-тің бағасы 75 доллар, 1 долларға шаққанда 470 теңге болды. Қазір біз одан алыспыз. Бірінші тоқсанда мұнайдың бағасы барреліне 75 доллар болды, бірақ екінші тоқсаннан бастап сәл төмендеді. Сол себепті осы бағаның өзгеруі бюджетке әсер етеді. Сонымен қатар экспорттық металдың бағасы оң динамика көрсетті.

Біз салықтық және кедендік әкімшілендіру арқылы бюджетке қосымша 400 млрд теңге тарттық. Бұл цифрландыру нәтижесінде фискалдық әкімшілендіру тиімділігінің артқанын көрсетеді. Жалпы айтқанда, қаңтар-мамыр айларында кірістер жоспары 100,5 пайызға орындалған. Экономикалық жағдайға әсер ететін біраз сыртқы факторлар бар. Олар әрине ішкі факторларға әсер етеді. Сонда бюджеттік параметрлер қайта қаралуы мүмкін,-деді Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Өзгелердің жаңалығы