Жылқыдан мәрмәр ет алу ұсынылды

5 Қараша 2021, 23:01
2912
Бөлісу:
Жылқыдан мәрмәр ет алу ұсынылды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі жылқытанушы ғалым, Қазақ Ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің профессоры Қайрат Исхан жылқы шаруашылығына қатысты халықаралық конференцияда осындай ұсыныс жасады. 

Оның сөзіне қарағанда жылқыны өсірудің өзіндік мақсаты болуы керек. 

Біз спорттық жылқыда немесе бәйге аттарын дайындауда арабтың, ағылшынның таза қанды жылқысын басып озамыз деп айта қою қиын. Әрине, бұл біз олардан кембіз деген сөз емес. Керісінше біздің жылқының олардан артықшылығы көп, – дейді ғалым. 

Оның пайымдауынша сол артықшылығының бірі – біздің жылқының етті мол беретін өнімділігі. 

Қазіргі таңда әлемде мәрмәр ет (мраморный мясо) сұранысқа ие. Әзірге әлемде осы бағытта сиыр етін ғана өндіріп отыр. Ал біздің қолда бір өзі 500-600 келі таза ет бере алатын жылқы бар. Осы жылқыны неге мәрмәр ет беретін бағытқа бағыттамасқа. Бұл біздің жылқы шаруашылығымен айналысып жүрген мамандардың қолынан келер еді, – дейді Қайрат Исхан.
Естеріңізге сала кетейік Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазақстан мен шетелдегі өнімді жылқы шаруашылығының жағдайы мен даму перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы