Жылдық инфляция қарашада 7,3%-ға дейін артты

10 Желтоқсан 2020, 09:44
1842
Бөлісу:
Жылдық инфляция қарашада 7,3%-ға дейін артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысы барысында айтты.

Қарашада негізгі нарық индикаторларының көпшілігі рекордтық белгілерге жетті. АҚШ-тың президенттік сайлауынан кейінгі сенімділік пен вакцина туралы жаңалық АҚШ долларының индексіне және алтын құнының төмендеуіне әсерін тигізді. «Global composite PMI» индексі нарығындағы қарашада қазан айындағы 53,3 тармақтан 53,1 тармаққа дейін аздап төмендеді. Шектеу шаралары аясында Еуроодақ өндірістік секторындағы іскерлік белсенділік қарашада 54,8-ден 53,8-ге дейін төмендеді. Көрсетілетін қызметтер секторындағы ұқсас индикатор 41,7-ден 46,9-ға дейін төмендеді. Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі қарашада 48,8-ден 49,4-ке дейін өсті. Бұл құрылыстың оң көрсеткішке жетуімен түсіндіріледі. Ондағы көрсеткіш 52,5 тармаққа дейін 4,9 тармаққа өсті. Өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында жағдай өзгерген жоқ. Индекстер тиісінше, 49,6 және 48,7 болды. Жылдық инфляция қарашада (бір ай бұрынғы көрсеткіш - 7,1%) 7,3%-ға дейін артты. Азық-түлік инфляциясы бағаның өсуіне ең көп әсер еткен сала болды (10,8%). Азық-түлікке жатпайтын инфляция киім бағасы өсуінің 4,7%-ке дейін жетуімен 5,6%-дан 5,7%-ке дейін үдеді, - деді ол.

Ұлттық банк төрағасы экспорттаушылардың салық төлемін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сату есебінен өскен ішкі ұсыныспен қатар, қолайлы ішкі конъюнктурасы қарашада айырбастау бағамының 1 АҚШ доллары үшін 432,66 теңгеден 425,07 дейін (1,8%) нығаюына ықпал еткенін айтты. 

Бірнеше вакцинаның бірден сәтті сынақтан өткізілуі туралы хабар және АҚШ-тағы президенттік билікті формалды өткізуді бастау тәуекелді активтерге сұранысты ұлғайтты. Мұнай бағасы қарашада 1 баррелі үшін 37,5 доллардан 47,16 долларға дейін (27%) өсті. ОПЕК+ өндіруді мейлінше қалыпты қарқынмен ұлғайту туралы шешімінен кейін желтоқсан айында мұнайға баға белгілеу сенімді түрде өсіп келеді, - деді ол. 

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-қарашадағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылу мәселесі қаралды.

Өзгелердің жаңалығы