Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтёрі» халықаралық сыйлығын алуға конкурс басталғанын мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сыйлық волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ, әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған.