Жыл соңына дейін елордада 6,5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады

12 Қараша 2022, 17:20
868
Бөлісу:
Жыл соңына дейін елордада 6,5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады
PHOTO

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала жастарымен және спорт өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімнің айтуынша, Көктал-2 және Өндіріс елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Аталған орындарда спорттың 10 түрі бойынша 1 мыңға жуық бала жаттығып жүр. Тағы екі елдімекенде дәл осындай дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр. Бұқаралық спортты қаржыландыру 3 есе артты.

Жыл соңына дейін елордада 6,5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады

2020-2021 жылдары жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 50, биыл тағы 25 пайызға артты. Ал кадр тапшылығын шешу үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша грант бөлеміз. Сол сияқты жастарды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жастар желісі бойынша бірнеше тұрғын үй бағдарламасы бар. Былтыр жеңілдетілген несиелеу бойынша арнайы «Elorda Zhastary» тұрғын үй бағдарламасын енгіздік. 2 жыл ішінде 3,4 млрд теңгеге несие берілді. Өзге бағдарлама – жалға алу бойынша 3 жыл ішінде жұмыс істейтін жастарға 2,5 мыңға жуық пәтер берілді, - деді Алтай Көлгінов.

Қала әкімі жастарды жұмыспен қкмту мәселесін де көтерді.

Жыл соңына дейін елордада 6,5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады

Былтыр 6 мың жас жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін тағы 6,5 мыңнан астам жасты жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін грант береміз. Ауқымды әрі жүйелі жұмыс жасалды, бірақ әлі де атқарылатын шаруа көп. Келіп түскен сұрақтарды шешу мәселесі қолға алынды, орындау кестесін жасаймыз, - деді ол.

Жыл соңына дейін елордада 6,5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады
Өзгелердің жаңалығы