Жыл соңына дейін Балқаш-Бурылбайтал жолының жартысы қолданысқа беріледі

8 Желтоқсан 2021, 19:52
1088
Бөлісу:
Жыл соңына дейін Балқаш-Бурылбайтал жолының жартысы қолданысқа беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Балқаш-Бұрылбайтал" автожолының 1864-2152 шақырымындағы учаскесін реконструкциялау жобасы ұзындығы 288 шақырымды І техникалық санатқа ауыстыра отырып, жаңартылады.

Жоба Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарыз қаражаты және Республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.

Оны "Синохайдро", "Колин/СМС", "Тодини", "СМС" мердігерлік ұйымдары жүзеге асыруда.

Бүгінгі күнге дейін толық ауқымды жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, жер төсемі (12,3 млн.м3), төселетін қабат (127 км), негіздің төменгі қабаты (118 км), негіздің жоғарғы қабаты (113 км) және төсемнің төменгі қабаты (96 км) орнатылды. Жыл қорытындысы бойынша тасжолдың 127 шақырымында қозғалыс ашу жоспарлануда.

Қазір мердігерлер жол-құрылыс және автожолды қыста күтіп ұстауға арналған материалдарды әзірлеу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Айта кетейік, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Нысанды 2024 жылы пайдалануға беру көзделген.

Өзгелердің жаңалығы