Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
Интернет бізге көмектесетін бірінші қажеттілікке айналып отыр. Осыны түсінеміз. Сондықтан күн сайын байланыс операторлары бірігіп, еліміздегі интернет аумағын ұлғайту үшін жұмыс жүргізуде. Республика бойынша 6 459 ауылды аймақтар бар. Оның ішінде 4 646-сында әр түрлі технологияларды қолдана отырып, интернетке қолжетімділік қамтамыз етілген. Бірақ ол әр түрлі технологиялар әр түрлі деңгейде сапа береді. Біздің елдің тұрғындары интернеттің 4 түрін пайдаланады, - деді Мусин.
Интернетті қазақстандықтар жеткізу мәселесі бойынша 2 жоба іске асырылуда.
Оның бірі таршықты оптикалық желіне 202о жылдың аяғына дейін 1 250 ауылға салу жобасы. Бұл жоба бойынша 20 мың км-ден астап оптика желісі салынады. Мыңнан астам ауылда мектептер мен мемлекеттік органдар сапалы интернетке сапалы түрде қосылған. Қалған 200-ге жуығы жылдың соңына дейін қосылады. Екіншісі, ауылдарда 3G, 4G мобильді байланыс ұйымдастыру жобасы. Бұл жұмыс бойынша байланыс операторларымен меморандум жасалып, жылдың соңына дейін тұрғын саны 250-ден көп болатын ауылдарды мобильді байланыспен қамту, - деп айтты министр.
Сонымен қатар министрдің сөзінше, жыл соңына дейін 778 ауыл сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі.
Қыркүйектің өзінде осындай 150 елдімекен мобильді интернетке сапалы түрде қол жеткізіп отыр. Жылдың соңына дейін қалған 778 ауыл қосылатын болады. Оның ішінде қазан айында 204, қараша мен желтоқсанда 473 ауылда сапалы интернет қосамыз, - деді ол.