Жыл сайын әскери қызмет өтеген үш мың азамат ЖОО есебінен тегін оқи алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева айтты.
Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерге білім беру жеңілдіктерін беру жөніндегі бастамасын еліміздің 40-тан астам жетекші жоғары оқу орындары қолдады, - деп айтты ол.
Айгүл Төлембаеваның айтуына қарағанда, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды оқыту үшін үш мың орын беру туралы келісімге қол қойылды.