Жыл басынан су саласындағы 7000-ға жуық жұмысшының еңбекақысы өсті

10 Шілде 2024, 15:34
274
Бөлісу:
Жыл басынан су саласындағы 7000-ға жуық жұмысшының еңбекақысы өсті
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Атап айтқанда, 1 қаңтардан еңбекақысы тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының айлығы орта есеппен 25%-ға көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация  министрлігінің мәлімдеуінше,  1 мамырдан еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін бірқатар мамандардың айлығы 25%-ға ұлғайған.

Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту бағытындағы жұмыс одан әрі жалғасады. Бұл бір күндік іс-шара емес және су шаруашылығы мамандықтарының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл біз үшін өте маңызды,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов. Еске сала кетейік, кеше, 9 шілдеде елімізде су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Кәсіби мерекеде су саласының 323 қызметкері мен ардагері марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы