Биылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы аумағында 57 өрт тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мәліметінше, өрт 10 млн 480 мың теңге материалдық шығын келтірді. Сондай-ақ өрт салдарынан 5 адам қаза тапты.
Жүргізілген талдауға сәйкес тұрғын үй секторында болған өрттердің 22%-дан астамы немесе 13-і тіркелген, отты абайсыз пайдалану салдарынан 7 жағдай тіркелді немесе облыс бойынша өрттердің жалпы санының 12%-ын құрады.
2022-2023 жылдардың жылыту кезеңі қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 6288 тұрғын үй есепке алынды.
Профилактикалық жұмыстар барысында 1 693 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 2 981 бұзушылығы анықталды, негізінен электр техникалық желілері мен электр жабдықтары, автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты. Қазіргі уақытта 1164 өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша құқық бұзу жойылды, - делінген хабарламада.
Газдың және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтау үшін тұрғын үйге датчиктерді орнату жұмыстары жалғасуда.
2022-2023 жж. жылыту маусымында осал топтардың тұрғын үйлерінде 2 913 улы газ датчиктері орнатылды. Датчиктерді орнату жұмысының ең жоғарғы көрсеткіші Жуалы ауданында 1 010 датчик, Шу ауданында – 1 000 датчик.
Сонымен бірге, тұрғындардың және демеушілердің көмегімен газ отыны жаңадан тартылған абоненттердің тұрғын үйлеріне 2022-2023 жылдардың жылыту кезеңі қарсаңында 8 500 газ талдауыштар орнатылды.
Тараз қаласы, Талас, Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Меркі, Қордай аудандарының әкімдері тарапынан аз қамтылған 266 жеке тұрғын үйлердің жылыту пештеріне жөндеу, 402 тұрғын үйдегі мұржаларды тазарту және 325 тұрғын үйдің жарамсыз электр сымдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отпен дұрыс жұмыс істемеуі, электр аспаптарын пайдалану және жем жинау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы, балалардың қараусыз қалып, отпен ойнауы, ал қысқы кезеңдегі өрттердің негізгі себебі - пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы және түтін мұржаларының бітелуі.
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі туралы ескертеді, кездейсоқ өрттердің болмайтынын, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша қойылатын талаптар мемлекеттік бақылаудың назы емес екенін түсіну қажет. Бұл, ең алдымен, адамдардың жұмысы мен демалысы аяусыз өрттің артында қалмас үшін өмірі мен денсаулығына, мүліктер мен қоршаған ортаға қамқорлық.