Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

22 Шілде 2025, 06:35
831
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

2025 жылдың басынан бері қазақстандық зейнеткерлерге 2 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді. Оның ішінде 678,7 млрд теңге – базалық зейнетақыға, 1 трлн 419,9 млрд теңге – ынтымақты зейнетақыға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

1 шілдедегі мәліметке сәйкес, елімізде зейнеткерлер саны 2 млн 489 мың адамға жеткен. Орташа жиынтық зейнетақы мөлшері бүгінде 143 529 теңгені құрайды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 912 теңге, ал базалық бөлігі – 47 617 теңге.

2025 жылы базалық зейнетақы 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсті. Бұл – инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарғы мөлшерін 120%-ына дейін кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

Өзгелердің жаңалығы