Жыл басынан бері Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстанға карантиндік өнімдерді әкелу кезінде 150-ден астам заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сондай-ақ, карантиндік объектілермен залалданған карантиндік өнімдерді әкелу әрекетінің 20 фактісі, оның ішінде Ресей Федерациясынан 17, Өзбекстан, Қырғызстан және Украинадан бір-бірден карантиндік өнімдерді әкелу фактілерінің алдын алды.
Барлық жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Еске салайық, өсімдіктер карантинінің негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік аймақтан карантиндік объектілердің әкелінуінен немесе тәуелсіз енуінен қорғау болып табылады.
Импортталатын карантиндік өнімге қатысты Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, сынамалар зертханалық зерттеуге «Өсімдіктер карантині жөніндегі республикалық орталық» мемлекеттік мекемесінің өңірлік карантиндік зертханаларына жіберіледі.