Жыл басынан бері мыңнан астам интернет алаяқтық жасалды – Дүйсетаев

14 Ақпан 2022, 11:38
1624
Бөлісу:
Жыл басынан бері мыңнан астам интернет алаяқтық жасалды – Дүйсетаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев дәстүрлі брифинг барысында айтты. 

Қазіргі таңда азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену қылмыстардың ен көп тараған түрлері болып танылады. Осындай қылмыстарға жол бермеу елімізде және бүкіл әлемде өзекті мәселелердің бірі ретінде қалып отыр. Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан халқына жолдауында алаяқтық қылмыстарға қарсы нақты шаралар қабылдау керек екенін атап өтті, - деді ол. 

Дүйсетаев атап өткендей, алаяқтар азаматтарды алдау үшін әр түрлі амалдарды қолданады. 

Сол себептен, осындай қылмыстардың саны жылдан жылға көбейуде.Ресми статистика бойынша 2021 жылы 41 мың (41083) алаяқтық тіркеліп, 22,5%-ға өсті. Осы жылдың қаңтарында олардың саны 2,5 мың қылмысты құрады. Қылмыстарды талдау көрсеткендей, олар көбінесе қарыз алу арқылы жасалады – бұл 6 мыңнан астам іс. Қызмет көрсету сылтауымен 3 мыңға жуық алаяқтық жасалған. Жылжымайтын мүлікті немесе көлік құралдарын сату кезінде 2 мың қылмыс жасалды, - деді ол. 

Сонымен қатар оның айтуынша, цифрлық технологиялардың дамуы оларды пайдалану арқылы жасалған ұрлықтардың өсуіне әкелді.

 Жақында интернеттегі алаяқтық қоғамда үлкен наразылық тудырды. Егер 2020 жылы Қазақстанда олардың саны 14 мың болса, өткен жылдың соңына қарай 21 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Қаңтар айында олардың саны 1177 қылмысты құрады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы