Жыл басынан берi мүмкіндігі шектеулі 300 азамат жұмыспен қамтылды

4 Шілде 2019, 14:12
1713
Бөлісу:
Жыл басынан берi мүмкіндігі шектеулі 300 азамат жұмыспен қамтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың басынан 448 мүмкіндігі шектеулі азамат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс сұрап, өтініш жасаған. Оның 300-ден астамы жұмысқа орналасты, деп хабарлады елорда əкiмдiгiнiң ресми сайты. 

Жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квотаны іске асыру туралы отырыста атап өтілді. 

300 азаматтың 38-і тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 235 азамат ақысы тɵленетiн қоғамдық жұмыстарға жіберілген, қалған 22 мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік жұмыс орындарында қызмет етіп жүр. 

Сондай-ақ, 5 жоғары оқу орнының түлегі жастар практикасы жобасы көмегімен алғашқы тәжірибе жинақтап жатқаны да тілге тиек етілді. 22 азамат тігінші, дәнекерлеуші, анимация және видеографика, тігінші, аспаз мамандықтары бойынша қысқамерзімді курстардан өтуде. Оқуын сәтті тәмамдаған 1 қатысушыға жаңа бизнес-жоспарын жүзеге асыру үшін 100 АЕК көлемінде грант берілген. 

Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбекке қабілеті бар барлық мүмкіндігі шектеулі азаматқа жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер түрін ұсынады, оның ішінде: жұмыспен қамтуға ықпал етуге, кәсіби даярлау, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу, жаңа бизнес-жоспарын дамытуға грант, арнайы жұмыс орындарын құру және т.б.  Десе де,  осы санаттағы адамдарды жұмыспен қамтуды талдау бойынша,  қалада жұмыс берушілердің 2-ден 4%-ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарының квотасын сақтамағанын көрсетті. 

«Мен жұмыс берушілерді еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, оларға сәйкесінше жұмыс орнын жасақтап беруге шақырамын. Аталған квотаны орындамағандар әкімшілік жауапқа тартылады. Бірақ, дәл осы сұраққа келгенде тағылатын айыппұл емес, азаматтық жауапкершілік басты орында тұруы қажет», - деп қосты Нұр-Сутлан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Абай Баймолдин. 

Белгiленген квотаны орындамаған жұмыс берушілерге бірінші кезекте ескерту, екінші кезекте әкімшілік айыппұл салынады. 

Өз кезегінде, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов жұмыс берушілерге өздерінің ұйымдары мен кәсіпорындарының базасында жұмыскерлерді, өздерінің талаптарына сәйкес, оқыту және қайта даярлау мақсатында оқу орталығын құру мүмкіндігі туралы хабардар етті.

Өзгелердің жаңалығы