Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары қанша жұмыскердің құқығын қорғады

15 Наурыз 2024, 21:29
482
Бөлісу:
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары қанша жұмыскердің құқығын қорғады
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше,  2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 78 кәсіпорны 7,1 мың жұмыскерге 1,1 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 105 нұсқама беріліп, 9,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 529 млн теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы