Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары қанша жұмыскердің құқығын қорғады

8 Тамыз 2023, 12:40
801
Бөлісу:
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары қанша жұмыскердің құқығын қорғады
Фото: BAQ.KZ - Архив

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 597 кәсіпорны 18,2 мың жұмыскерге 4,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 657 нұсқама беріліп, 87,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы