Жыл басынан бері машина жасау ісінде 16%-ға өсім байқалды – Роман Скляр

17 Қыркүйек 2020, 11:03
1529
Бөлісу:
Жыл басынан бері машина жасау ісінде 16%-ға өсім байқалды – Роман Скляр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан машина жасаушыларының кезекті VIII форумында сөз алған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр жаңа онлайн форматта өтіп отырған кездесудің жүйелі өтетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында өңдеу өнеркәсібінің өндірісін бес жыл ішінде кем дегенде 1,5 есе арттыру жөнінде нақты міндет қойды. Өңдеу өнеркәсібінің локомативі болған отандық машина жасау ісі әрқашан Мемлекет басшысының басты назарында. Бүгінде отандық машина жасаушылар мемлекет тарапынан берілетін қолдаудың толық кешенін пайдалана алады. Жеңілдікпен қаржыландырудан бастап, жеңілдік лизинг құралдары мен экспортты өркендетуді пайдалана отырып, Қазақстанның Даму банкі құралдары, «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламаларына дейін пайдалануға мүмкіндік берілген, - деді ол.

Роман Скляр қазақстандық машина жасау ісін дамытуға үлес қосу мақсатында саланы өркендетуге қатысты 2019-2024 жылдарға арналған жол картасы дайындалып, бүгінде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

Қазіргі таңда машина жасау ісі отандық өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. 2020 жылдың сегіз айының нәтижесі бойынша машина жасау ісінде 16%-ға өсім байқалды. Бұл – өндіріс орындарының бәсекеге қабілеттілігін алдыңғы орынға қойған мемлекет пен кәсіптің бірге атқарған еңбегінің жемісі. «Еститін мемлекет» концепциясы аясында жыл сайын нормативті база жетілдіріліп, институционалдық орта нығайып, бизнес жүргізу жолындағы кедергілер жойылып келеді. Үкімет бизнеспен тікелей диалог құруға қашанда ашық және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қол ұшын беруге әзір, - деді ол.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумына қатысушыларды құттықтады.
Өзгелердің жаңалығы